«Жайнай берсін,Нұрсұлтан»!
Күні.Айы.Жылы 03.07.2019
Тақырыбы: «Жайнай берсін,Нұрсұлтан»!
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы-Нұрсұлтан туралы мәлімет беру.Баланың ізгілік қасиетін дамыту.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін,сурет салуға деген ынталарын арттыру.Өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Ал енді балалар бәріміз бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба,Алтын күн!
Амансыңба,Жер ана!
Амансың ба, Нұрсұлтан!
Келдік саған қуана!
-Қане балалар отырайық,бүгін біз еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласына арнап түрлі түсті қылқаламмен сурет саламыз!
Қанекей балалар біз сурет салмас бұрын ойын ойнап жіберейік.
Ойынның аты: «Дұрысын таңда!»деп аталады.
Ойынның шарты: «Ғажайып сандықтан»шыққан суреттерді тиістісіне жапсыру.Екі қаланың картасы тұрады,картаға жапсырады.
Мысалы:Бәйтерек-Нұр-Сұлтанда Апорт-Алматыда
Пирамида-Медеу мұз айдыны
Есіл өзені-Алатау
Ел ордасы-Хан шатыры
Бүгінгі тақырыбымыз «Жайнай берсін Нұр-Сұлтан» атты тақырыпта түрлі түсті қылқаламмен сурет саламыз.
Суретті қорғау.
Хор: «Егемен ел-Қазақстан»
Тәрбиеші: Камрадинова С.Қ
Әдіскер: Нургалиева В.Р