Алматы қаласы Білім басқармасының
«№139 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау:
(8727) 279-94-42
(8727) 279-91-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2019

Арайлы алтын күз

Алмалы ауданы

139 бөбекжай-балабақшасы








 


(Ересектер «Қызғалдақ» тобына арналған мерекелік ертеңгілік)


 


                      Дайындағандар:

                                      Тәрбиешілер: Оразова С.Б

                                                                                                Камрадинова С.Қ

                                                    Музыка жетекшісі: Умирбаева А.М





Алматы,2019  жыл


Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Жерде жапырақтар жарты шеңберде шашулы.Балалар музыкамен қол ұстасып кіреді. Жапырақтарды жинайды.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер  ме,  қадірлі    қонақтар! Бүгінгі  біздің жыл  мезгіліндегі   ең тамаша-«Арайлы Алтын күз»атты   ертеңгілігімізге  қош  келдіңіздер!
 Бұлттар  төгіп, жерге шөгіп,
 Дымқыл тұман   басады,
 Шөп  сарғайып,өңі  тайып, 
 Дала сұры   қашады.
 Бой жаза алмай, ойнай алмай,
 Денең мұздап тоңады,
 Бөбектерім айтыңдаршы
 Бұл қай кезде болады?


Балалар: Күзде 


Ән: «Күз жомарт»


(Есік қағылады)

Жүргізуші:Ой,балалар бізге біреу келген сияқты,қане бәріміз жапырақтың астына тығылып қалайық.

(Есік ашылып,қолында сыпырғышы бар орманшы атай кіреді)


Орманшы:

Мен орманшы атаймын,

Үнемі сақ жүремін.

Орманның бар аң-құсын,

Түгендеп ылғи күзетем.

 Оу,мұнда жапырақтар шашылып қалыпты ғой.Қой,бәрін сыпырып ,жинап қояйын. (қолындағы сыпырғымен сыпырғанда ,балалар ортаға жиналып отыра қалады.)

Орманшы: Е,міне болды.Енді әрі қарай орманымды аралайын. (шығып кетеді).

Жүргізуші: Балалар, Орманшы атай кетіп қалды.Қане тағы да орнымызға тұра қалайық. 

(Есік қағылып ішке тағы да Орманшы кіреді)

Орманшы: Оу,мына жапырақтарым тағыда шашылып қалыпты ғой.Мүмкін жел соғып,шашып тастаған болар.Сыпырып қояйын.

(Тағы да сыпырып кетіп қалады)

Жүргізуші: Ой,балалар,Орманшы атай кетіп қалды.Тез-тез орнымызға тұра қалайық.

(Орманшы үшінші рет кірген кезде бір баланың қозғалғанын көріп,байқап қалады)

Орманшы: Оу,мыналар жапырақтар емес, кішкентай балалар екен  ғой. Сендер қайдан жүрсіңдер? Маған қонаққа келдіңдер ме?

Ия:

Орманшы: Е,қош келдіңдер.

Жүргізуші: Орманшы атай,біз алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз.Сіз шаршаған боларсыз, деміңізді алыңыз.Ал,балалар енді мына қолымыздағы жапырақтарымызбен   атайға көңілді би билеп берейік.


БИ: «АЛТЫН КҮЗ»


 Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                     Енді бері қараңдар
                    Бізге қонақ  келмекші
                    Сендерді бір көрмекші
                     Әуелі  жұмбақ  жасырам
                     Қулығымды  асырам.
                    Таба алсаңдар   шешімін
                    Қонағымды ортаға    шақырамын.
 «Көк  майсалы  көрікті, алқаптағы  көп  егін
   Бұл   күндері  киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)


(Музыкамен ырғалып күз ханшайымы   кіреді)

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                                Өмірге көп қосқаным,
                                Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                                Молшылыққа кенеліп,
                               Шаттық әнге салыңдар.
 Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Тақпақтар:


1.Көк майсалы көрікті   

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті 

Сары жібек көйлегін


2. Көбейді құт-береке        

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке 

Алтын күзді тойлаймыз.


 3.Қуандырып біздерді,        

Мерекелі күз келді

Кел,жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

4. Күздің қазан айында         

   Алма,алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


5.Күн шуаққа маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ


6.Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.


(Осы кезде есік қағылып,ашуланып жаңбыр кіреді)


Жаңбыр: Мәссаған!? Мұнда өзі не боп жатыр? 

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Жаңбыр. Біз Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз.

Жаңбыр: Қайдағы той? Қайдағы мейрам? Мен тұрғанда ешкім күлмейді,мен тұрғанда ешкім билеп,ән салмайды.Ал,сендердің алтын күздеріңді мен алып кетемін. (сүйреп алып кетеді).

Жүргізуші: Балалар енді не істейміз? Кімнен көмек сұраймыз?

Орманшы: Балалар,мұңаймаңдар.Менің сиқырлы сыбызғым бар.Сыбызғыда ойнасам, қонақтар келеді.|Мүмкін солардан көмек сұрармыз.

(Сыбызғыда ойнағанда бұлттар  шығады)


БИ: «БҰЛТТАР   БИІ» (бауырсақ киіну)


Жүргізуші: Бұлттар, бұлттар, сендер біздің Алтын күзді көрмедіңдер ме?

Бұлттар: жоқ,жоқ, көрмедік.

Орманшы: балалар мұңаймаңдар! Мен тағы да сыбызғыда ойнайын. Кане бауырсақтар келіңдер ортаға!

БИ: «БАУЫРСАҚТАР»


Жүргізуші:  Бауырсақтар, бауырсақтар, сендер біздің күз ханшайымымызды көрмедіңдер ме?

Бауырсақтар: жоқ, жоқ, көрмедік!


Тақпақтар

7.Берекесін сыйлауға                     

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға 

Шақырады біздерді

8.Төңірек толы сары алтын

Күз келді туған жеріме

Шуағы нұрлы жайнаған

Алтын күз әсем айналам


9.Күзім,күзім,күзім

Пісті алма,жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық біз теріп.


10.Соққанда кейде дауылы

Береке күздің жауыны

Сол жауыннан өсіпті

Бақшаның қарбыз-қауыны.


11.Тамсандырып таңдайды

Жеміс-жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Жер бетіне түседі.


12.Күнде теріп аламын,

Ерте тұрам,жай жатам.

«Жеміс-жидек баланың,

Бір азығы» дейді атам.


13.Алтын сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Жүргізуші: Балалар, мүмкін біз жаңбыр туралы ән айтсақ,ол естіп келіп қалар.

ӘН: «ЖАҢБЫР»


Жаңбыр мен Күз кіру.

Жаңбыр: Балалар,сендердің   мен туралы айтқан әндеріңді естіп, осында келдік. Маған әндерің ұнаған соң, Алтын күздеріңді де алып келдім.

Жүргізуші: Қандай жақсы болды. Төрлетіңіздер! 

Біз  кішкентай  балдырған,

Сескенбейміз  жаңбырдан.

Төбемізде  қол  шатыр,

Алдымызда  жол жатыр-деп біздің топтың қыздарының орындауында «Қолшатырмен билейміз»  биі.

Би: «Қолшатырмен билейміз»

Тақпақтар

14.Күз жомарт қой қашанда

Мол жемісін беретін

Піскен қарбыз,тәтті алма

Балаларға керек қой.


15.Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап

Ағаштарда жамырап

Ұшты кенет жапырақ.


16.О,алақай,тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.


17.Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал,терек

Жапырағын жұлғызып.


18.Жапырақтар жамырап,
 Сайға барып бекінді.
 Анасынан ажырап,
 Қалған бала секілді.

 
 

Жүргізуші:

Жаңбыр,жаңбыр,соқпашы,

Ойнайықшы тоқташы-деп балалардың ойын ойнағысы кеп тұр.


ОЙЫН: «КІМ ЖЫЛДАМ?» (Қолшатырмен)


Тақпақтар:

19.Берекелі, мерекелі
 Келді жомарт  алтын  күз.
 Қала да, дала да
 Жанның бәрі жарқын күз.


 20.Балақайлар  алақайлап,
 Бақша    іші нұрланды.
 Астық жыры, шаттық жыры
 Қырман басы думанды.

21.Алтын нұрдай тамшылап,
 Жапырақтар төгіледі.
 Біздің өмір таң шуақ,
 Біздің өмір көңілді. 

22.Біреу астық түсіріп,
 Біреу бидай ұшырып.
 Жатқан мезгіл күз екен,
 Алдым соны түсініп. 
 
 23. Қыстың жақын қалғанын,
 Жапырақтар білгендей
 Желмен ұшып барады,
 Жерге қонып үлгермей.
 
 

24.Бұтағында емініп,

Күзде жеміс піседі.

Сабағына жел үзіп,

Жерге топ-топ түседі


25.Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.


 26.Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай  шалқар күз.


Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, мен сендерге құр келмедім.Өзімнің бақшамнан сендерге дәмді алмаларымнан әкелдім. Қараңдар менің сиқырлы қолшатырымның астына. (себетте алмалар болады)

Енді балалар ,менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!


 Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
 Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі   мерекелік ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
           «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
             Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив