Алматы қаласы Білім басқармасының
«№139 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау:
(8727) 279-94-42
(8727) 279-91-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2019

Аяулы Алтын күз

Алмалы  ауданы
№139 бөбекжай- балабақшасы



«АЯУЛЫ КҮЗ,АЛТЫН КҮЗ»
(Ортаңғы «Балапан»  тобына арналған мерекелік ертеңгілік)
 
                                           Дайындағандар:
                                     Тәрбиешілер: Мухамедрахимова Н.Т
    Жексенбинова А.Т                                                        Музыка жетекшісі:Умирбаева А.М
                                

     


Алматы ,2019 жыл

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыкамен қол ұстасып балалар залға кіреді.
Жүргізуші:  
Төңірек толы сары алтын,
Күз келді туған жеріме.
Шуағы нұрлы жайнаған,
Алтын күз әсем айналам.
-Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар!Баршаңызды күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып,  ІІ-кіші      тобының «Аяулы күз,алтын күз»атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
-Ал,балалар,айта қойыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз!
-Күзде қандай өзгерістер болады?
-Жапырақтар с арғайып түседі.
-Құстар жылы жаққа кетеді.
-Жаңбыр жауады.
-Күн суытады.
- Ал мына жердегі шашылып жатқан нелер?
-Жапырақтар.
-Дұрыс айтасыңдар.Жерде алуан-алуан жапырақтар шашулы. Ал сендер маған  осы жапырақтарды жинауға көмектесесіңдер ме? 
-Ия!
Кәне, бәрің екеуден жинай қойыңдаршы.
(балалар жердегі жапырақтарды екеуден алып,шеңберге тұра қалады).
-Ой,қандай әдемі жапырақтар екен. Балалар ,енді осы әсем жапырақтарымызбен көңілді би билейік.
БИ: «АЛТЫН КҮЗ»

Жүргізуші: Балалар,енді осы әсем жапырақтар туралы әнімізді орындайықшы.

ӘН: «КҮЗГІ ЖАПЫРАҚТАР»
(Әннен соң жапырақтарды себетке салып, балалар орындарына  отырады.

(Музыкамен Алтын күз кіреді).
Алтын күз: Сәлем өрен достарым,
                     Сендерге үлес қосқаным.
                     Қымбатты сый алыңдар,
                     Қызығына қаныңдар.
                     Молайтыңдар шаттықты,
                     Ән айтыңдар бақытты.

Жүргізуші: Армысыз Алтын күз! Қош келдіңіз! Төрлетіңіз! Балалардың өзіңе арнаған өлең-тақпақтарын тыңдаңыз!

Тақпақтар:
1.    Қуандырып біздерді,Мерекелі күз келді.

2.    Кел жемісті алтын күз,Кемелденсін халқымыз.

3.    Ұлпақарша жапырақтар,Ұшып жатыр шарықтап.

4.    Астық,жеміс жиылды,Қамбамызға құйылды.

5.    О,алақай,тамаша!Шашу шашты жапырақ.

6.    Күн шуаққа маужырап,Жатыр енді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Алтын күз: Рақмет балалар! Қандай әдемі тақпақтар айтады екенсіңдер!

Жүргізуші: Ал,Алтын күз ,біздің балалар шеттерінен өнерлі. Қыздарымыз сенімен бірге би билегісі кеп тұр.
Күздің күні жапырақтар,
Әдемі болып өседі.
Біздің топтың қыздары,
Солармен билеп береді.

БИ: «ЖАПЫРАҚТАР БИІ»

Алтын күз: Керемет би де билей алады екенсіңдер.Рахмет!

Жүргізуші: Біздің балалар  тағы да өзіңе арнап тақпақтар айтқысы келіп тұр.


Тақпақтар:
7.    Күзім-ау,күзім-ау,Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.

8.    Күнде теріп аламын,Ерте тұрам,жай жатам.
«Жеміс-жидек баланың,
Бір азығы» дейді атам.

9.    Алтын сары,қызыл,көк,Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

10.    Берекесін сыйлауға,           Өлкемізге күз келді.

11.    Көкөністер пісіпті,           Жапырағы үсіпті.

12.    Бұтағында емініп,           Күзде жеміс піседі.
          Сабағына жел үзіп,
          Жерге топ-топ түседі.
(Үнтаспадан жаңбырдың дыбысы естіледі.жаңбыр кіреді).

Жаңбыр: Сәлем достар!Мерекелерің құтты болсын! Мені таныдыңдар ма?
Әрине мен  жаңбырмын! Күз мезгілінде жиі кездесемін.Балалар,айтыңдаршы,жаңбыр қалай жауады?
-тырс-тырс.
Жел қалай уілдейді?
-У-у-у-у
Жаңбырдан кейін суда қалай жүреміз?
-шылп-шылп.
Мамаларың су болған үстеріңді көріп не дейді?
-ах-ах-ах. (деп екі қолмен бетін ұстап көрсетеді).
-Жарайсыңдар. Мен тағы да көңілді ойын әкелдім.Қане ойынға шыға қойыңдар. 

Ойын: « жаңбырмен»

Жүргізуші: Ой,сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды.Балаларды бір сергітіп алдық.Рақмет,сізге! Енді біздің балалардың  тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар: (жаңбыр, бұлт туралы)
13.Нөсер-нөсер төк,төк,
Болсын егін көп-көп.

14.Бұлттар,бұлттар,ойнашы,
Күркіреп,дүркіреп.
Бұлттар,бұлттар,қоймашы,
Сіркіреп,бүркіреп.

15.Тамшы,тамшы,тамсаңшы,
Қалаға,далаға.
Тамшы,тамшы,тамсаңшы,
Жыраға,салаға.

16.Бақыт болып,жаушы жаңбыр,
Менің әсем қалама.
Бақыт болып,жаушы жаңбыр,
Менің байтақ далама.
Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар.
                         Кәнеки би бастаңдар.
                        Қонақтардың көңілін,
                      Бір көтеріп тастаңдар,- деп  ортаға ұладарымызды  «Саңырауқұлақтар» биімен шақырамыз.

«Саңырауқұлақтар   биі»

Жүргізуші: Ал,Жаңбыр біздің балалар ән де айта біледі. Өзіңе арнаған «Жаңбыр» әнін қабыл ал!

ӘН: «ЖАҢБЫР»

Жаңбыр: Не деген шеттеріңнен өнерлі  едіңдер?! Рақмет ,достар.Ал менің орманға қайтатын уақытым болды.Сендермен қоштасамын.САу болыңдар,балалар,сау болыңдар қонақтар! (шығып кетеді).

Алтын күз: Алтын күз: Рахмет,балалар! Мереке маған қатты ұнады. Мен де сендерге құр келмедім.Өзімнің ғажайып бақшамнан  сендерге тәтті алмалар әкелдім. (балаларға үлестіреді).
-Ал,балалар ,менің орманға қайтатын уақытым болды.
Берекелі бақ-даулет,
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар,балалар,
Келгенше жыл айналып! Сау болыңдар балалар! Сау болыңдар қонақтар! ( Алтын күз шығып кетеді).

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! Осымен   ортатопта өткен мерекелік  ертеңгілігіміз аяқталды. Еліміз аман,заманымыз тыныш болсын! Сіздермен біз қоштасамыз.Сау болыңыздар!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив