Күз мерекем, күз берекем
Алмалы ауданы
№139 бөбекжай-балабақшасы
«КҮЗ-МЕРЕКЕМ, КҮЗ БЕРЕКЕМ»
(Мектепалды «Бәйшешек» тобына арналған ертеңгілік)
Дайындағандар:
Тәрбиешілер: Иманбердиева Г.О
Жаппарова М.АМузыка жетекшісі: Умирбаева А.М
Залға балалар музыка ырғағымен залға кіріп жарты шеңберде тұрады.
Жүргізуші:
Өзіңсің жер дүниенің гүлдендірер,
Сап – сары алтындай боп айналамыз
Алтын күз мерекесі күз айының
Береке боп орнықсын арамызда.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар! Бүгінгі «Күз-мерекем, күз-берекем» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Күздің қандай айларын білесіңдер?
Қазір қандай ай?
Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді.
Олай болса балалар, ортаға мерекеміздің сәні Күз ханшайымын шақырайық.
(Музыкамен Күз ханшайымы кіреді).
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Әнімізді жырлайық.
Ән: «Күзгі әуен»
Тақпақтар:
1.Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
2. Көбейді құт-береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
3.Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
4. Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
5.Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі,
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Жүргізуші:Жыл он екі айдың ішінде ең берекелі бір мезгіл бар. Ол-қоңыр күз. Әрине күз келсе күн қысқарады, күн суытады.Бірақ күрең күзде жер ана ризығын аямай береді.Молшылық сыйлайды.Диқандар баласындай баптап күткен егінін орады.Олай болса ортада « Бидайлар» биімен бір топ қыздарды шақырамын.
Би: «БИДАЙЛАР»
Тақпақтар
6.Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып
Құстар қайтып барады.
7.Алтын,сары,қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
8.Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала.
9.Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырады жарқын күз
Сайраңдадық күліп ойнап
Келді,міне,алтын күз.
10.Дала сары киінді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық,алтын тау.
Жүргізуші:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер- деп ортада көкөніс пен жемістерді қарсы алыңыздар!
Тақпақтар
11.Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
12.Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
13.Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
14.Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
15.Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
16.Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
17.Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
18.Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.
19.Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Шырыным көп өзімде.
Бөлісем сенімен, жеп көрсең
20.Үлкен болып құлпынай
Пісіпті ғой, шіркін –ай!
Құлпынайдың дәмінен
Көруге жұрт ынтық-ай!
21.Кішкене түймедеймін,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріне!
22.Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді тамақ қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
23.Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды басқадан!
24.Боламын мен демдеші,
Балық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға!
25.Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Менің атым апельсин
Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар,
Қанекей би бастаңдар.
Қонақтардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар- деп, ортаға ұлдардың әсем биімен шақырамын.
БИ: «ҚОҢЫЗДАР ПОЛЬКАСЫ»
(Музыкамен жаңбыр кіреді)
Мен жаңбырмын, жаңбырмын! Күз мезгілінде жиі жауамын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Жаңбыр! Төрлетіңіз! Біздің балалар өзің туралы ән біледі қабыл ал!
ӘН: «ЖАУ ЖАҢБЫР»
Жаңбыр: Ой не деген әсем ән! Маған қатты ұнады.
Жүргізуші: Балалар, жаңбырдан кейін арамызда Бақалар пайда болыпты. Қане, ортаға бақаларды биімен шақырайық.
Би: «БАҚАЛАР» биі
Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды.
Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды.
Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Күз: Қымбатты балалар, мен сендерге құр келгенім жоқ. Сендерге дәмді алмаларды ала келдім. Балаларға үлестіреді.
Жүргізуші:
Берекелі бақ – дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
(Балалар ән ырғағымен залдан шығады).