Алматы қаласы Білім басқармасының
«№139 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау:
(8727) 279-94-42
(8727) 279-91-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі
02
июнь
2025

Балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздігі


     Жазда балалар демалысқа шығады, күнге күйіп, суға шомылады, бұл кезең олар үшін демалыс уақыты болғанымен, түрлі жағдайлардан туындайтын қауіптер туралы ұмытпаған жөн. Жазда балалар демалыс лагерьлеріне, ауылға ата-әжелеріне, өзенге шомылуға және орманға ойнауға барады, осы кездегі күннің ыстығы, түрлі жәндіктер мен тез бұзылатын тағамдар қауіп-қатер төндіреді.
🔹Жаз кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезекте ата-аналардың міндеті. Егер сіз жазда балаңызды бір жерге жіберетін болсаңыз, оны қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіңіз, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, үнемі хабарласып тұрыңыз және балаңызға бас-көз болатын адамға оның мінез-құлқы, ағзасының ерекшеліктері туралы айтып беріңіз.
🔹Бұлтсыз шуақты күнде балаңызға бас киім кигізіңіз. Аспанда бұлт болған кезде бас киімді өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Шамамен сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін күн белсенділігі жоғары, сондықтан осы уақытта баланың күн астында ұзақ жүріп қалуына жол бермеңіз. Күн астында жүру уақыты әр бала үшін бөлек, ол көбінесе жасына, денсаулығына және тері құрылымына байланысты. Бұл мәселе бойынша дәрігерден кеңес алған жөн. Бала күнге біртіндеп үйренуі керек және күн сайын күн астында жүру уақытын арттыра беру қажет. Бұл терінің күн сәулелерінен күйіп қалуын болдырмайды.
🔹Өзіңізбен бірге су алып жүріңіз және балаңызға көп мөлшерде ішкізіңіз. Құрамында қанты бар судан аулақ болыңыз, бұл шөлді одан әрі арттыра түседі. Балаңызға күн өтпеуін және күйіп қалмауын қадағалаңыз, терісінің қызарғанын байқасаңыз бірден көлеңкеге апарыңыз. Көлеңкелі жерлерде көбірек жүруге тырысыңыз, кең мақта-матадан тігілген киімдерді киіңіз. Дәрі қобдишасында әр дайым күйікке қарсы дәрі-дәрмектің болуын қадағалаңыз.
🔹Бас киім кененің шағып алуынан қорғайды, оны балаңызға орманға немесе саябаққа барғанда әрқашан кигізіп жүріңіз. Сондай-ақ, кене шағу қаупі жоғары болса, аяқ пен қолды жабатын киім киген жөн. Жәндіктерге қарсы арнайы құралдарды қолданыңыз, бірақ балаға құрамы жағымсыз әсер ететін спрейлерді себуден аулақ болыңыз, жәндіктерді қорқытатын репеллент майлықтарын өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз жөн. Соналардан, аралардан, түкті аралардан және бүгелектерден аулақ болыңыз, олар шағып алса ауыртып, аллергиялық реакция, тіпті балаға психологиялық жарақат әкелуі мүмкін. Судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз және балалардан аталған ережелерді сақтауды талап етіңіз.
🔹Балалармен өзен-көлдердің рұқсат етілмеген жерлерінде суға түспеңіз. Қалқымалардан асып жүзіп кетпеңіз, жартастардан немесе түбі терең не таяз, қауіпті не қауіпсіз екені белгісіз жерлерге суға секірмеңіз. Балаңыз суда болған кезде оны көзден таса қылмаңыз. Жақсы жүзе алмайтын балаларға арнайы қауіпсіздік құралдарын, үрлемелі жеңдерді немесе көкірекшелерді кигізіңіз. Салқын тиюді болдырмау үшін баланың суда жүру уақытын қатаң бақылаңыз. Тұзды суға шомылғаннан кейін тұщы сумен жуыну керек.
🔹Егер ересектеу мектеп оқушылары өздері шомылуға барса, онда оларды құтқарушы және медбике бар қауіпсіз жерлерге жіберуге тырысыңыз. Балаларыңызды жүзуге ғана емес, сондай-ақ сындарлы жағдайларда өзін-өзі ұстауға үйретіңіз, су иірімі, сіңірдің тартылуы, үлкен толқындар, күшті ағындар және т.б. қауіп-қатерлер туралы айтып беріңіз. Суға батып бара жатқан адамдарды құтқару техникасының негіздерін үйретіңіз, егер өзіңіз үйрете алмасаңыз, суда жүзу нұсқаушысына барыңыз.
🔹Балаңызды тамақтанар алдында қолын жууға немесе қолын кем дегенде дымқыл майлықтармен мұқият сүртуге үйретіңіз.
🔹Көкөністерді, жемістер мен жидектерді көбірек тұтынуға тырысыңыз. Оларды жемес бұрын мұқият жуыңыз. Пісу маусымынан ерте сатылып жатқан жемістерді сатып алмаңыз. Әдетте, бұл көп мөлшерде химиялық заттарды пайдалану арқылы өсірілген өнімдер, олар денсаулыққа өте қауіпті және қатты улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Дәрі-дәрмек қобдишасында әрқашан улануды емдеуге арналған дәрілерді ұстаңыз. Сізден алыс жерде немесе өз бетімен серуендеп жүрген балаларға жоғалу немесе ұрлану қаупі төнуі мүмкін. Оларға жалғыз болған кездегі қауіпсіздік техникасын, бейтаныс адамдармен өздерін ұстау ережелерін түсіндіріңіз. Егер сіз орманда болсаңыз, балаларыңызды жаныңыздан алысқа жібермеңіз, олар ойнап жүріп, адасып кетуі мүмкін. Көпшіліктің арасында болған кезде, балаңызды әрқашан жаныңызда ұстаңыз, кішкентай балаларды бейтаныс адамдардың бақылауында, тіпті бұл сенім артарлықтай адам болса да, қалдырмаңыз.
🔹Балалардың жаз кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жүріс-тұрыстың негізгі ережелері.
🔹Баланың жаз кезінде ұстанатын негізгі қауіпсіздік техникасы:
* Әрқашан арнайы бөлінген жерлерде, жабдықталған және қауіпсіз жағажайларда суға түсіңіз;
* Қалқымалардан асып кетпеңіз, жұмыс істеп тұрған винттің астына түсіп кетпеу үшін кемелерге жақын жүзбеңіз;
* Үлкен толқындарда, күшті ағындарда немесе су иірімдерінде жүзбеңіз;
* Түбі белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды;
* Суда қауіпті ойындар ойнамаңыз, достарыңызды «суға батырмаңыз» және терең сүңгіп кетпеңіз;
* Матрастар мен құтқару шеңбері алыс жерге жүзуге арналмаған, оларды жағалауға жақын жерде пайдалану керек;
* Егер күн жарқырап тұрса, бас киім киіңіз;
* Егер теріңіз қызара бастаса, бірден көлеңкеге барып киініңіз;
* Күндіз тікелей күн астында болмауға тырысыңыз, тек таңертең және түстен кейінгі уақытта;
* Ет, шұжық, балық, сүт өнімдері сияқты тез бұзылатын тағамдарды жемеңіз және ыстық жерге апармаңыз;
* Жазда көп су ішіңіз, бірақ тәтті су ішпеуге тырысыңыз, ол шөлді күшейте түседі;
* Әрқашан жуылған азық-түліктерді жеңіз, тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив